Мысыр өз спутнигін ұшырады
Мысыр өз спутнигін ұшырады
11 ай бұрын 685 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мысыр осы жылдың қазан айында Қытай аумағынан «МисрСат-2» спутнигін ғарышқа аттандырады. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жалпы құны 74 млн долларды құраған аталмыш ғарыш миссиясы Мысырдың экологиялық жобалары үшін пайдаланылады. Аталған ғарыш жобасының жетекшісі Ахмет Рафайдың айтуынша, жасады жер серігін құрастыруға қытай мамандары атсалысқан. Сондай-ақ, ол «МисрСат-2» жобасы Мысырдың ғарыш технологиясы саласындағы ең үздік жетістік. Құрылғы ақ-қара суреті бойышша 2 метр биіктіктен түсірілгендей етіп, мейлінше жоғары дәлдікпен жер бетін таспаға тартып алады, түрлі түсті фото-сурет бойынша 8 метр биіктіктен анық та қанық таспаға тартып алуғақабілетті. Спутник ұшырылған сәттен бастап ғарышта 5 жыл жұмыс істеуге арналған.

Ұқсас материал:

"Африканың ғарыш агенттігінің штаб-пәтері Мысырда ашылатын болды" (https://islam.kz/kk/news/alem/afrikanyn-garysh-agenttiginin-shtab-pateri-mysyrda-ashylatyn-boldy-18807/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат