Мысыр бірқатар ислам елдеріне визалық режимді жеңілдетеді
Мысыр бірқатар ислам елдеріне визалық режимді жеңілдетеді
1 жыл бұрын 526 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мысыр билігі Ираннан келетін туристер үшін Синай түбегіне баруға рұқсат беруді бастауды жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде пирамидалар елінің труизм министрлігіне жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, парсыларға елдің өзге де өңірлері мен өлкелеріне баруына рұқсат беру мәселесі күн тәртібіне шығарылды. Аталмыш шешім Таяу Шығыстағы сүннит елдері мен шиғалық Иранның жақындасуының және аймақтық талас-тартысты бейбіт жолмен шешу әрекетінің бір бөлігі ретінде қабылданды. Бұған қоса, Мысыр туризм индустриясынан түсетін кірісті арттырғысы келеді. Бұдан былай Синайға келген ирандықтар туристік визаны түбекке жеткен бетте ала алады. Сондай-ақ, Иран азаматтарына 700 доллар тұратын бес жылдық виза ұсынылады, бұл виза  ирандықтарға Мысырға бірнеше мәрте келуге және кетуге мүмкіндік береді. Ол негізінен жылжымайтын мүлік пен меншік иелеріне, кәсіпкерлерге арналған. Бұған дейін Мысыр Катар және Түркиямен қарым-қатынасын қалпына келтірді, енді олар да жеңілдетілген тәртіпте виза ала алады.

0 пікір
Мұрағат