Мұсылмандарға тіл тигізген тағы бір шенеунік қызметтен кетті
Мұсылмандарға тіл тигізген тағы бір шенеунік қызметтен кетті
10 жыл бұрын 3080

АҚШ-тың Республикалық партиясының жоғары лауазымды өкілі мұсылмандарды балағаттап, тіл тигізгені үшін қызметінен кетті. Бұл жайында Star Tribune ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, Миннесотта округтерінің бірінде аталмыш партияның бөлімін басқаратын Джек Уитли Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында мұсылмандарды ұзында – өші, қысқада – кегі кеткендей жерден алып, жерге салған, онымен шектелмей ислам дінін қаралаған. Одан кешірім сұрауды талап еткенімен ол бұл талаптан бас тартқанымен қоймай, аузына келгенін айтып, тағы өршеленген. Ол «жыл сайын Меккеге миллиондаған паразиттер барады», деп мұсылмандардың ар-намысын қорлады. Ол қызметінен өз еркімен кетпегенін, өзін партиядағы әріптестерінің мәжбүрлегенін де жасырмады.

0 пікір
Мұрағат