Мұсылмандар жұқпалы індетке қарсы екпені түнде салдыратын болды
Мұсылмандар жұқпалы індетке қарсы екпені түнде салдыратын болды
3 жыл бұрын 1887 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемде мұсылмандар қарасы көп (270 млн тұрғынның 90 пайызға жуығы) Индонезияда тәжді тажал вирусына қарсы екпені мұсылмандар тек түн мезгілінде ғана алатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы осындай мәлімдеме жасаған аталған мемлекет басшысы Жоко Бидодоға жөн сілтеген CNN Indonesia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Индонезия билігінің мұндай қадамға баруына екпе алу науқанының жақындап қалған қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келуі себеп болып отыр. Яғни, күндіз ауыз бекітетін мұсылмандарға жұқпалы індетке қарсы екпені ауыз ашқаннан кейін алу қолайлы болып тұр. Ал аталған елдегі өзге наным-сенімдегілер күндізгі уақытта екпе салдыра береді.  The Straits Times ақпарат көзінің хабарына қарағанда, бұл елде екпе алу міндетті шара. Біздегі секілді әркімнің қалауына қалдырмайды. Екпеден бас тартқандарға жазалау шаралары қолданылады. Атап айтқанда, екпе салдырмағандар әлеуметтік жеңілдіктерден қағады, мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді, айыппұл салынады.  Мұның бәрі халықтың қауіпсіздігі үшін қолға алынып отыр. Соңғы мәлімет бойынша аталған елде тәжді тажал вирусынан 34 мыңдай адам опат болған. Аталған ел билігі 270 млн тұрғынның 181,5 миллионына екпе салуды көздеп отыр. Яғни, ел тұрғындарының үштен екісін қамтиды бұл науқан. Индонезия билігі ел тұрғындарын толық епкемен қамтамасыз ету науқанын келесі жылдың наурыз айында аяқтайтынын жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат