Мұсылман мен буддашының арасында тағдыры талқыға түскен бүлдіршіндер
Мұсылман мен буддашының арасында тағдыры талқыға түскен бүлдіршіндер
6 жыл бұрын 2712 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Малайзияда исламды қабылдап, балаларына ислами тәрбие берген әйел сот үкімімен балаларына қамқор болу құқығынан айырылды. Қазіргі уақытта жастары 6-ға және 10-ға толған екі баланың анасы 2015 жылы хақ жолға түскен еді Бұл кезде буддашыл күйеуімен ажырасу үстінде болатын. Жарты жылдан соң мұсылман әйел жергілікті ислами діни департаментке апарып, белгіленген тәртіп бойынша балаларының исламды қабылдағаны туралы фактіні ресімдеген еді. Алайда, будда наным-сеніміндегі әкесі сотқа жүгініп, өзінің келісімінсіз балаларды ислам дініне кіргізгеніне наразылық білдірді. Осыған байланысты апелляциялық сот балаларға қамқор болу құқығын әкесіне берді. Бұл жайында Free Malaysia Today ақпарат көзі хабар таратты. Ендігі жерде будда сеніміндегі әкесі балаларын қай дінге ұйғаратынын өзі шешетін болды. Десе де анасы осы уақытқа дейін ислами тәрбие алып келген балаларының жаңа діннің ережелеріне қалай бейімделетініне алаңдап, уайымдап жүр.  

0 пікір
Мұрағат