|
Мұсылман елінен мұнай мен газ кені табылды
|
Тамыз айының 23-і күні Пәкістанның мұнай және табиғи ресурстар министрлігі Хайбер-Пахтунхуа провинциясынан мұнай мен газ кенінің ашылғанын жария етті. Пәкістандық Jang ақпарат агенттігінің таратқан хабарына қарағанда, Пәкістан қазба байлықтарға жұтаң ел. Ел аумағынан табылған бұл кен ең ірісі саналады. Сарапшылар мен мамандардың есебі бойынша аталмыш кен орнынан тәулігіне 1844 баррел мұнай мен 515 366 текше метр газ өндірілуі мүмкін. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Пәкістан өзінің аумағындағы мұнай мен газдың кенін толық тауысқан ел. Алдағы уақытта елдің энергетикаға деген қажеттілігін Парсы шығанағы мен араб түбегінен өтеуді жоспарлап отырған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді