|
Мұсылман елінде әлем бойынша тұңғыш рет блокчейн қала салынады
|
Малайзияның батыс жағалауында әлем бойынша тұңғыш рет блокчейн технологиясына негізделген тұтас қала тұрғызылатын болды. Осы заманғы озық технологияға негізделген Melaka Straits City қаласының инфрақұрылымын China Wuyi және SWT International Sdn Bhd компаниялары салады. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аталмыш қалада блокчейн технологиясы қолданылатын мектеп, жоғарғы оқу орнының ғимараты, инновациялық кәсіпорындар, сауда орталықтары салынып қоймай, сонымен қатар, қаланың өз криптовалютасы айналымға енгізіледі. Тағы бір мәрте естеріңізге сала кетсек, блокчейн технологиясы ақпараттар қамтылған блоктар шығыршығының белгілі бір ереже бойынша түзілуіне негізделген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді