|
Метаәлемде мектеп ашылды (видео)
|
Жапондардың AOMINEXT компаниясы өзгеше мектеп ашты: барлық сабақ метаәлемде жүргізіледі. Мұндағы дәрістерге тұрғындар елдің барлық аймағынан қатыса алады. Бұл жайында islam.kz порталы automaton-media.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оқушылар VR құралын тегін алып, өзіне қолайлы аниме-аваторды таңдай алады, мемлекеттік білім беру бағдарламасынан өтіп, ресми дипломға ие болады. Айрықша жоба Йуши халықаралық орта мектебімін бірге жүзеге асырылады. Метаәлемде сырт көзден қысылмай сабаққа басы бүтін беріліп, алаңсыз білім алуға болады. Негізінен киберспорт, диджитал және VR туындыларына басымдық берілмек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды