|
Мешіттерді мүлдем жауып тастауды ұсынды
|
Оңшыл радикалды бағыттағы «Германия баламасы» (Alternative für Deutschland, AfD) деп аталатын ұлтшылдықты ту еткен партияның төменгі бавариялық өкілдері дайындаған құжат жобасында елдегі мешіттердің бірін қалдырмай мүлдем жауып тастау турасында ұсыныс айтылған. Аталмыш партия исламға қырын қарайтын саяси партия ретінде белгілі. Бұл жайында «Focus» ақпарат көзі хабар таратты. AfD өкілдерінің айтуынша, «исламның Германияға еш қатысы жоқ», ал «мешіттер тек жамағатпен намаз оқитын орын ғана емес, сонымен қатар еліміздің құқықтық тәртібін жоюды мақсат ететін ислам ілімін таратуда».
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді