Мешіттерді ашуға емес, жабуға шақырды
Мешіттерді ашуға емес, жабуға шақырды
10 жыл бұрын 3722

Оңшыл радикалды Азаттық партиясының Еуропада мешіттерді түгел жабуға үндеген мәлімдемесі голландық саясаткерлердің наразылығын тудырды. Ел премьер-министрінің орынбасары Людевик Ашер оңшыл ультра партияның осы үндеуімен шектен шыққанын қадап айтты. Бұл жайында  World Bulletin ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш партияның өкілі М. де Графтың айтуынша, мешіттерден тазартылған Голландияның болашағы жарқын болмақ. Ол осы елдегі мұсылмандар арасында туу көрсеткішінің жоғары деңгейге жеткенін, яғни, мұсылмандар қарасының жылдан жылға артып келе жатқанын ишаралап болса да білдіріп алды. Жұмысшы және демократиялық партияның өкілдері ультра оңшылдардан бұл үндеуінен бас тартуын талап етіп. Олардың айтуынша, ультраоңшылдардың бұл үндеуі ел конституциясына қайшы келеді.

0 пікір
Мұрағат