|
Mемлкеттік қызметтегі әйелдерге хижаб киюге салынған тыйымды алып тастауды ұсынды
|
Қырғызстан парламентінің депутаты Алтынбек Қылышбаев меемлекеттік қызметтегі әйелдерге шариғат шәлісін жамылып жүруге рұқсат беруді мәселе етіп көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде АКИpress дерек көзіне жөн сілтеген Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол бұл бастаманы парламент қабырғасында өткен діни салаға қатысты заңнама талқысында көтерді. Қырғызстанның ішкі істер министрінің орынбасары Әдіблбек Бибосынов бұл ұсынысқа мемлекеттік қызметкерлер үшін арнайы тәртіп (дресс-код) барын және ІІМ үшін арнайы орган ретінде өзінің ішкі ережесі болатынын айтып, жауап берді. Министрдің бұл жауабына көңілі толмаған депутат наным-сенім бостандығына конституциямен кепілдік берілгенін алға тартты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай соты жасанды зердемен алмастыру мақсатында қызметкерлерді жұмыстан қууға тыйым салды
■
Көп ретті виза қажетті қызметтерді брондау процедурасынан құтқармайды
■
Cусамыр дертін иммуннитет белсенділігін тежемей-ақ емдейтін инновациялық әдіс пайда болды
■
Адамды жасырын бақылайтын желі аталды
■
Ішімдік уытының денеден толық шығуы үшін қанша уақыт кететіні айтылды