Мемлекеттік тіл – мемлекет құндылығы: мемлекеттік тілге құрмет көрсетуді міндеттейтін заң қабылданайын деп жатыр
Мемлекеттік тіл – мемлекет құндылығы: мемлекеттік тілге құрмет көрсетуді міндеттейтін заң қабылданайын деп жатыр
3 жыл бұрын 2222 материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гипер сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан парламенті «Өзбекстан республикасының мемлекеттік тілі туралы» Өзбекстан республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, аталмыш заң жобасында ұлт тілі мемлекет құндылығы ретінде жарияланып, оны кемсітуге, бұрмалауға, сондай-ақ, оған құрметсіздік көрсетуге тыйым салыну ұйғарылған. Аталған заң жобасында мынадай да талаптар қарастырылған: Өзбекстан аумағында барлық ұлт пен ұлыстың тілінің дамуына жағдай жасалады. Азаматтарды мемлекеттік тілді білмегені үшін олардың құқығы мен бостандығын шектеуге және тіліне қатысты кемсітуге де тыйым салынады. Ұлтаралық тіл ретінде қай тілді таңдайтыны азаматтардың өз еркіне қалдырылады. Алайда, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар мемлекеттік тілде қызметін жүргізетін болады. 

0 пікір
Мұрағат