Мемлекеттік машина өз дегенін істейді: қытай компаниялары капиталының едәуір бөлігінен бас тартуға мәжбүр
Мемлекеттік машина өз дегенін істейді: қытай компаниялары капиталының едәуір бөлігінен бас тартуға мәжбүр
3 жыл бұрын 1932 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың IT-миллиардерлері соңғы уақытта қайырымдылық шараларына қырауар қаржы аударған. Бұған Қытай билігінің қытайдың технологиялық компанияларына бақылауды күшейткені түрткі болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік порталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, қытай компаниялары биліктің қас-қабағынан қаймығып, компанияға тиесілі акциялардың тұтас бір шоғырынан, капиталының едәуір бөлігінен бас тартып жатыр. Мәселен, осы ылдың шілде айында Xiaomi компаниясының негізін қалаған әрі осы компанияның бас директоры Лей Сзиүн смартфон өндірісінің акциясын (2,2 млрд доллар) екі қайырымдылық қорына аударған. Бұл туралы Гонконг қор биржасының құжатында айтылған. Ал содан бір ай бұрын тапсырыс қабылдап, тағам жеткізумен айналысатын Meituan сервисінің қожайыны Уан Син компанияның құнды қағаздарындағы 2,3 млрд долларды өзінің қайырымдылық қорына аударған. Аталмыш сервис қожайыны да қытайдың монополияға қарсы қызметтің тергеуіне ұшығараған болатын. Шілде айында ByteDance компаниясының (TikTok әлеуметтік желісі де оған қарайды) негізін қалаушы Шжан Имин 77 млн долларға бағаланған дәулетінің едәуір бөлігін туған ауылына бағыттаған, ал Tencent қожайыны Пони Ма 7,7 млрд долларды әлеуметтік мәселелер мен ауылдық жердегі кедейлікпен күрес науқанына бөлді.

Ұқсас материалдар:

«Қытай билігі технологиялық компанияларға тағы бір майдан ашты» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-tehnologiyalyq-kompaniyalarga-tagy-bir-maidan-ashty-15459/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі технологиялық компанияларға бақылауды күшейтетін заң забылдады» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-tehnologiyalyq-kompaniyalarga-baqylaudy-kusheitetin-zan-zabyldady-15358/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі ел аумағындағы технология алыптарынан қорқайын деді» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-el-aumagyndagy-tehnologiya-alyptarynan-qorqaiyn-dedi-14408/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат