Мемлекеттер мен әлемдегі орталық банктер биылдан бастап криптовалютаны сатып ала бастайды
|

Fidelity Digital Assets сандық актив компаниясының сарапшылары цифрлы активтердың ахуалы туралы өзінің зерттеу есебінде күллі әлем бойынша, яғни, мемлекеттер мен орталық банктер биткоинді қаржылық операцияларды орындауға болатын және капитал ретінде жинауға болатын ақша құралы ретінде қолданысқа енгізуге күш салады. Бұл жайында islam.kz порталы CoinDesk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Fidelity Digital Assets есебінде мемлекеттердің едәуір бөлігі мен орталық банктердің, мемлекеттік инвестициялық қорлардың, т.б. электронды ақша айналымында стратегиялық позицияға ие болуға ұмтылуы мүмкін екендігі айтылған. Егер ұлттық мемлекеттер биткоин жинау стратегиясын қабылдаса, цифрлы активтерді жария етпей сатып алатын болады, өйткені, өздерінің криптовалютаға қатысты жоспарын жарияласа, өзге де инвесторлар цифрлы активтерді иеленуге талпынып, кртиптовалютаның бағасын одан ары шарықтатып жіберуіне себеп болуы мүмкін. Ал биткоинді елемегендер криптовалютаны өзінің стартегиялық қорына қоспаған мемлекеттерге қарағанда инфляция, ақшаның құнсыздануы, бюджет тапшылығы секілді макроэкономикалық проблемаларға ұрынуы ықтимал.




