Мектеп оқушылары мен студенттердің шариғат шәлісін оқу орындарында жамылу құқығын қорғайтын заң жобасы енгізіледі
Мектеп оқушылары мен студенттердің шариғат шәлісін оқу орындарында жамылу құқығын қорғайтын заң жобасы енгізіледі
1 жыл бұрын 1124 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ингушетия парламенті Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына студенттер мен мектеп оқушыларының оқу орындарында ұлттық киім мен діни сеніміне сай киім кию құқығын қамтамасыз ететін заң жобасын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Коммерсантъ» мерзімді басылымына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Парламенттің кезекті отырысында «Ресей Федерациясындағы білім туралы» Федералдық заңның 38-бабына өзгерістер енгізу туралы» федералдық заң жобасы қаралды», - деп хабарлады Ингушетия парламенті. Ингуш депутаттары білім беру мекемелерінің қабырғасында киім үлгілерін белгілеуде оқушылар мен студенттердің ұлттық дәстүр мен діни сеніміне сай киіну жөніндегі конституциялық құқығы ескерілуі керек, деп есептейді. Депутттар бұл мәселені заң шығарушы органдар білім беру мекемелеріне ысырып қоймауы тиіс, деп санайды. Егер бұл саланы реттейтін заң қабылданса, онда мектеп киім үлгісіне қатысты жиі тұтанатын дау-дамай орын алмас еді. 

0 пікір
Мұрағат