|
Малави елін қуаңшылық салдарынан ашарлық жайлап барады (видео)
|
Малави елінде қуаңшылық болып, елдің негізгі кәсібі жүгері шаруашылығы шатқаяқтады. Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік агенттігі Оңтүстік Африкадағы мемлекетке қатысты жоғарғы деңгейдегі төтенше жағдай жариялады. Елде аштық белең алуда. Қазір 18 млн халықты азықпен қамту үшін 204 млн доллар керек. Бұдан басқа Оңтүстік Африканың Лесото, Мадагаскар, Мозамбик, Свазиленд, Замбия және Зимбабве мемлекеттерінде жағдай мүшкіл. «Жергілікті халықтың негізгі азығы – жүгері. Жауын-шашынның азайып, қуаңшылықтың белең алуынан егін шықпай қалды. Егер жүгері болмаса, аштық басталады. Сондықтан, осындағы жұртқа ыстық ауа райына шыдамды басқа дақылдарды өсіруге кеңес беріп, қолұшын созып жатырмыз», – дейді азық-түлік саласының маманы Питер Кэниай.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды