|
Малайзия суды үнемдеудің қатаң шараларын қолданады
|
Оңтүстік-шығыс Азиядағы аталмыш мұсылман елінің билігі биыл аптап ыстық болатын жаз мезгіліне дайындықты бастап кетті. Алдымен су ресурстарын үнемдеудің қатаң шараларын қабылдаудан бастамақшы. Бұл жайында islam.kz порталы The Star мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сәуір айының соңынан бастап аптап ыстық пен құрғақшылық басталуы ықтимал. Осыған байланысты Малайзияның табиғи ресурстар, қоршаған орта және климат өзгерісі министрлігі көкмайса пен саябақтарды суғару секілді шараларға суды пайдалануға тыйым салынуы немесе шектеу енгізілуі мүмін екенін мәлімдеді. Бұған қоса, ел тұрғындарына суды барынша үнемдеуге үндеп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Қасиетті қалада индонезиялықтардың өз ауылы болады
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды
■
Химиктер айна өмірді табудың алғашқы әдісін ұсынды