Мәйітті жерлеудің ең экологиялық таза түрі су кремациясы болуы мүмкін
Мәйітті жерлеудің ең экологиялық таза түрі су кремациясы болуы мүмкін
4 ай бұрын 1332 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тұрғыны көп әрі тығыз орналасқан ірі қалалар мен мегаполистерде мәйітті жерлеу ақысы тым қымбат әрі жер тапшы. Бұдан бөлек, кремация (мүрдені отқа өртеу) да ауа сапасы төмен қалалық жерлердің ауасын тарылтып қана қоймай, өртеуге кететін энергия шығыны жоғары. Осыны ескерген ғалымдар мәйітті мейлінше аз шығынмен әрі қоршаған ортаға залал келмейтіндей етіп жерлеу әдістерін іздестіріп келеді. Сондай тәсілдердің біріне су кремациясы жатады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тек Америка құрама штаттарының өзінде табытқа салып жерлеу рәсімі жыл сайын 30 миллион қатты ағаш тақтайын, 2 700 тонна мыс пен қола, 104 272 тонна болат және 1 636 000 тонна темірбетонды ысырап етеді. Бұған қоса, формальдегид негізіндегі 3 мың тоннадан астам бальзамдау сұйықтығы кетеді. Су кремациясының технологиясы 19 ғасырда пайда болып, 20-шы ғасырда жануарлардың өлекселерін жою үшін пайдаланылды. Өлексе болат резервуарға орналастырылады, оған су мен сілті қоспасы құйылады және 90 °C-қа дейін қыздырылады. 10 сағат ішінде организм негізгі элементтерге ыдырайды: аминқышқылдары, пептидтер, тұздар және қант. Сумен кремациялаудың қандай артықшылықтары бар? Біріншіден, отынды мейлінше аз қажет етеді - кремация процесінде суды жылыту ылғалға қаныққан тіндерді өртеуден әлдеқайда оңай әрі атмосфераға парникті газдар бөлінбейді, жұқпалы індет таратуы мүмкін түрлі қоздырғыштардың негізгі бөлігі жойылады, нәтижесінде пайда болған заттар қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Мәйіттен тек сүйектің бір бөлігі қалады, сондықтан оларды  ұнтақтап сақтауға немесе шашып жіберуге болады.

Ұқсас материалдар:

«Су кремациясы - Ұлыбританияда жерлеудің жаңа түрі енгізілмекші» (https://islam.kz/kk/news/alem/su-krematsiyasy-ulybritaniyada-jerleudin-jana-turi-engizilmekshi-18855/#gsc.tab=0);

Еврейлер көне жерлеу рәсіміне оралуы мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/alem/evreiler-kone-jerleu-rasimine-oraluy-mumkin-17403/#gsc.tab=0);

"Адам мәйітін тыңайтқышқа айналдыруға рұқсат етілді" (https://islam.kz/kk/news/alem/adam-maiitin-tynaitqyshqa-ainaldyruga-ruqsat-etildi-16921/#gsc.tab=0);

«Мұсылманша жерлеу кремацияға және табытқа қарағанда экологиялық жағынан ең зиянсызы болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/musylmansha-jerleu-krematsiyaga-jane-tabytqa-qaraganda-ekologiyalyq-jagynan-en-ziyansyzy-bolyp-shyqty-14306/#gsc.tab=0);

«Экологиялық «жасыл жерлеу» трендке айналды» (https://islam.kz/kk/news/alem/ekologiyalyq-jasyl-jerleu-trendke-ainaldy-12743/#gsc.tab=0);

«Адам мәйіті тыңайтқышқа айналдырылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/adam-maiiti-tynaitqyshqa-ainaldyrylady-11885/#gsc.tab=0);

«Жалға берілетін экологиялық зират ашылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jalga-beriletin-ekologiyalyq-zirat-ashyldy-15853/#gsc.tab=0);

«Мәйітке қатысты мәжбүрлік» (https://islam.kz/kk/news/alem/maiitke-qatysty-majburlik-13208/#gsc.tab=0)   

0 пікір
Мұрағат