Көрші елде 500—ден аса жекеменшік емхана түсік жасату процедурасынан бас тартты
Көрші елде 500—ден аса жекеменшік емхана түсік жасату процедурасынан бас тартты
1 ай бұрын 852 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: vladimirzotov

Ресей Федерациясында 500-ден аса жекеменшік емхана түсік жасату процедурасынан бас тартқан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Мәскеу және Ресей патриархатына, дәлірегі, Ресей православ шіркеуінің (РПШ) сайтына жөн сілтеген Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. РПШ-тың түсіктан бас туралы бастамасына Ресейдегі іргелі мекемелер, атап айтқанда, қайырымдылық қорлары, қоғамдық палаталары, отбасы мен әйелдер ісі жөніндегі ұйымдар, демографиялық мәселелермен шұғылданатын комиссия өкілдері қолдау көрсеткен. Нәтижесінде РФ-ның 71 аймағында 502 емхана (түсік жасатуға лицензисы бар денсаулық сақтау мекемелерінің 18%-ы) түсік жасату процедурасынан бас тартқан. Бұған дейін Ресей ғылым академиясының федералдық ғылыми-зерттеу орталығының әлеуметтану институтының бұл бағыттағы  сараптама зертханасы «Ресейліктер жүктілікті жасанды жолмен тоқтатуға қалай қарайды» атты зерттеу нәтижесін жариялады: респонденттердің 77%-ы құрсақтағы шақалақты толыққанды адам деп есептейтін болып шықты. Ал респонденттердің 63%-ы жүктілікті жасанды жолмен тоқтату ісіне мемлекеттің араласқанын, дәлірегі, тиісті мекемелер тарапынан қандай да бір реттеу шараларын қабылдағанын қолдайды, соның ішінде респонденттердің басым бөлігі аяғы ауыр әйелдерге мемлекеттік қолдаудың қажет екенін айтқан. Респонденттердің 48%-ы жекеменшік емханаларда түсік жасатуға тыйым салу бастамасын қолдаған.

0 пікір
Мұрағат