Еврейлер көне жерлеу рәсіміне оралуы мүмкін
Еврейлер көне жерлеу рәсіміне оралуы мүмкін
2 жыл бұрын 1906 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Гуш Етсиондағы діни кеңестің басшысы Израил қоғамы жерлеу ғұрпын өзгертуге қаншалықты дайындығы жөнінде, сондай-ақ,12 айдан кейін сүйектерді алып тастау және оларды отбасылық жерлеу үшін жинау туралы айтты. Бұл жайында islam.kz порталы inn.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Гуш Есиондағы діни кеңестің басшысы Рафи Остроф бірқатар жетекші раввиндердің қолдауымен ежелгі еврейлердің жерлеу рәсімдеріне қайта оралуды бастама етіп көтерді. «Израильдің жерленген жері» жобасын басқаратын раввин мұндай жерлеу жоралғысының қабір аумағын 90% үнемдеуге мүмкіндік беретінін алға тартып отыр. Осылай деген ол жерлеу ғұрпының діни астары ұмытылып бара жатқанын, бұған жер тапшылығы, экологиялық қауіпсіздік (жерлеу ғұрпына қажетті материалды өндіру кезінде қоршаған ортаға парникті газдың бөлінуі, т.б. факторлар) себеп болып отырғанын, адамды ақтық сапарға аттандыру ғұрпы да  қазіргі заман талабы мен өмір шындығына байланысты өзгеріп жатқанын жеткізді. Көбісі қабырғаға жерленіп жатыр, мұндай жерлеудің жерге көмуден айырмашылығы көп, дегенмен, мемлекет жер тапшы болған соң, жерлеу жоралғысы өзгертіліп, қорым қабырғалары мен жерлеу туннелі пайда болды. Осы орайда ежелгі еврейдің жерлеу салты туралы аз-кем дерек келтіре кетпекпіз: қайтыс болған еврей мәйіті Таурат үкімі бойынша жер қойнына тапсырылады, дәлірегі, топырақпен жүзі жасырылады. Бір ғана ерекшелігі бар - құлпытас 12-ші айға дейін қойылмайды;12 айдан соң «Қадиша» қоғамының мүшелері сүйектерді жинап, арнайы қапқа (глосск) салады. Раввин бұл процеске немесе процедураға қайтыс болған еврейдің туған-туысын тартудың қажеті жоғын мәлімдеді, өйткені, қайтыс болған адамның күнәдан арылуына олардың еш қатысы болмайды.

0 пікір
Мұрағат