Мәдина Бүкіл әлемдік қалалалр саммитіне қатысады...
Мәдина Бүкіл әлемдік қалалалр саммитіне қатысады...
2 жыл бұрын 1488 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Исі мұсылман қастер тұтатын Мәдина шаһары Бүкіл әлемдік қалалар саммитіне қатысады. Делегацияны Мәдина аймағын дамыту басқармасының бас директоры әрі аталған қала басшысы бастап барады. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәдина тұрғындар мен меймандарға сапалы қызмет көрсету, өмір сүру станлартын жақсарту, т.б. бастамалары бойынша «ақылды» қала санатына енуге талпыныс жасамақ. Әлбетте, осы замманғы озық технология көмегімен. Бұдан бөлек, Мәдинаның жасыл аймағын 16,1 млн шаршы метрге дейін ұлғайту көзделуде. Бұл мақсатта 2030 жылға дейін 1,3 млн ағаш пен 2,1 бұта-қараған отырғызылады. Осылайша Мәдина шаһары көміртекті ада елге айналуға өз үлесін қосатын болады.  Сингапурдегі қалалар орталығы мен Сингапур қаласын дамыту басқармасы ұйымдастыратын айтулы шараға Жаһандық қалалар қамқоршыларының форумы, «Ақылды қала» семинары және Ли Куан Иу халықаралық сыйлығы атсалысады.

0 пікір
Мұрағат