ЛГТБ насихатына қарсы күрес күшейтіледі
ЛГТБ насихатына қарсы күрес күшейтіледі
2 жыл бұрын 1598 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясында дәстүрлі құндылықтарды сақтауға әрі батыстан келген ЛГТБ-идеологиясының насихатына қарсы нақты шаралар қабылдауды ұсынып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұ бағытта РФ мемлекеттік думасына ЛГТБ насихатына жол бергендерге аса ірі мөлшерде айыппұл салуды қарастыратын түзету енгізілуі мүмкін заңнамаға. Егер аталмыш заң жобасы көпшілік дауыспен мақұлданса, мұндай бассыздыққа барған жеке тұлғаларға 40-50 мың рубл, ал заңды тұлғаларға (ұйымдар, мекемелер, т.б.) 1-5 млн рубл айыппұл салынады. Дәстүрлі емес төсек қатынасының насихатына ішінара алғанда дәстүрлі және дәстүрлі емес төсек қатынасын әлеуметтік маңызы жағынан теңестіруге бағытталған ақпараттарды тарату жатқызылады. Осы орайда Мәскеу сотының TikTok компаниясына ЛГТБ-контентін өшірмегені үшін 2 млн айыппұл салғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат