|
Латын Америка елі халал лама етін ұсынады
|
Ресей Федерациясының Мұсылмандар діни басқармасының өкілі, Мәскеу мүфтиі Елдар Алаудин Боливияның Ресейге шариғат талаптарына сай сойылған лама етін экспорттауға мүдделі екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Российская газета» мерзімді басылымына жөн сілтеген IslamNews aқпaрaт көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лама ойсыл қара тұқымдасына жатады. Әлемнің көптеген елінде лама еті таңсық ас. Бұдан бөлек, латын америкалықтардың өздері лама етін көп тұтына бермейді. Темірге бай лама етін дәріптеу үшін аталған жануар еті қосылған түрлі ас мәзірінен науқан ұйымдастырылып келеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді