Кувейт билігі Швециядағы Құран өртеу акциясына жауап ретінде Құранның швед тіліне аударылған 100 мың данасын басып шығаратын болды
Кувейт билігі Швециядағы Құран өртеу акциясына жауап ретінде Құранның швед тіліне аударылған 100 мың данасын басып шығаратын болды
10 ай бұрын 2266 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кувейт билігі Құрбан айт күндері Стокголм қаласындағы қасиетті Құранды өртеген арандатушы акцияға жауап ретінде швед тілінде Құранның 100 000 данасын басып шығаратынын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің министрлер кеңесі премьер-министр Ахмет Науаф әл-Ахмет әл-Сабахтың бастамасымен апта сайынғы отырысында осындай шешім қабылданды, осы шешімнің аясында мемлекеттік, қоғамдық қамқорлық басқармасына Құранның көшірмелерін басып шығаруды тапсырды. Кувейттің ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, мұндай қадам исламға деген төзімділікті қалыптастыру, барлық адамдарға ислам құндылықтарын жеткізу үшін жасалып отыр. Көп ұзамай қасиетті Құранның аударылған тәпсірін жариялау аяқталады. Кувейттің сыртқы істер министрлігінің ықпалымен  Швеция аумағындағы барлық мешіттерге, кітапханаларға және өзге де мекемелерге таратылады. Исі мұсылман қастер тұтатын қасиетті кітапты исламды қабылдаған марқұм швед тәржімашысы Кнут Бернстрем аударған еді.

0 пікір
Мұрағат