Күн сайын әлемде бір млрд порция тағам қоқысқа тасталады
Күн сайын әлемде бір млрд порция тағам қоқысқа тасталады
8 ай бұрын 730 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген дерекке қарағанда, күн сайын күллі әлем бойынша бір млрд тағам порциясы қоқысқа тасталады. Ал әлемде 730 млн адам бір үзім нанға зар болып, аштық азабын тартуда. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Guardian ақпарат көзіне жөн сілтеген Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, әлемдегі азық-түліктің бестен бір бөлігі тұтынылмай қоқысқа тасталады. Күнде. Бұған мынадай факторлар себеп болуда: - ысырапшылдық; жоспарламау (тұтыну қажеттілігіне қарай шақтап алмау); азықты сақтауда тиісті құралдардың (тоңазытқыш, т.б.) болмауы. Сарапшылардың есебінше, ысырап болатын азықты ақшаға шаққанда жылына бір трлн доллар рәсуа болады. Тағам қалдықтарының негізгі бөлігі үй шаруашылығына тиесілі – күніне қоқысқа тасталатын бр млрд тағамның шамамен 60%-н құрайды. Содан кейінгі орындарға қоғамдық тамақтандыру орындары (28 пайыз) мен бөлшек сауда тұр – 12%. Осы орайда бұл статистикалық мәліметте тасымалдау кезінен нарыққа жеткенше ақау шалатын немесе тұтынуға жарамсыз күйге түсетін азық-түлік қамтылмағанын, яғни, ескерілмегенін айта кетпекпіз.. Соның өзінде адамның төбе шашын тік тұрғызатын ысырапшылдық орын алып отыр. Жыл сайын әлемде бір адам орта есеппен 79 келіге жуық тағамды қоқысқа тастайтыны белгілі болды. Соңғы он бес жыл ішінде Ұлыбритания, Австралия, Индонезия, Мексика және Оңтүстік Африкада азық-түлік қалдықтарының айтарлықтай азайғаны байқалды. Осылайша, Жапония азық-түлік қалдықтарын үштен біріне, ал Ұлыбритания шамамен 18%-ға қысқартты.

0 пікір
Мұрағат