Күміс аса қат әрі тапшы ресурсқа айналады
Күміс аса қат әрі тапшы ресурсқа айналады
1 жыл бұрын 1264 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күміске әлемдік сұраныс биылғы жылы 16 пайызға артып, 1,21 миллиард унцияға жетеді. Сарапшылар болжамы осындай. Нәтижесінде бұл металдың тапшылығы бірнеше ондаған жылдардағы рекордқа айналады, делінген The Silver Institute (Күміс институты) есебінде. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяу жылдары күміс құймалар мен монеталарды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушылардан, зергерлік бұйымдарды өндірушілерден және бөлшек сауда инвесторлар тарапынан осы бағалы металға сұраныс рекордтық деңгейге жетпек. Автокөлік құрастырушылардың күмісті тұтыну деңгейі өсті, дегенмен, бұл сала күміске жалпы сұраныстың бес пайызын ғана құрайды. Күн панелдерін өндіру жалпы сұраныстың шамамен 10 пайызын құрайды. Биржалық қорлардағы (ETF) күміс қоры азайып барады. Сарапшылар биылғы жылы күміс нарығындағы тапшылық өткен жылғы 48 миллион унциядан 194 миллион унцияға артатынын алға тартып отыр. Сөз орайы келгенде жыл басынан бері литий бағасының жаһандық рецессия қаупінен құлдырап кеткен басқа өнеркәсіптік металдарға қарағанда үш есеге өскенін айта кету керек. Мамандар оны жылдың ең бағалы металы деп атады.

Ұқсас материал:

«Аса қажетті металдың бір түрі тапшы ресурсқа айналатын болды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/asa-qajetti-metaldyn-bir-turi-tapshy-resursqa-ainalatyn-boldy-17549/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат