Коррупция да санкция салынатын қылмыс тізіміне енгізілуі мүмкін
Коррупция да санкция салынатын қылмыс тізіміне енгізілуі мүмкін
2 жыл бұрын 1554 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Еуропарламент депутаттары әлемдегі адам құқығының жай-күйі туралы баяндаманы бекітіп, Еуропалық одаққа мүше елдерді еуропалық санкция режимін жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа шатылғандарға да қолдануға шақырды, яғни, корруацияны да санкция салынатын қылмыстар санатына жатқызуды бастама етіп көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш баяндама 487 депутат тарапынан қолдау тапты, қарсы дауыс берген қарасы – 80, қалыс қалғандары – 120. Еуропарламент қарары мен баяндамасы орындалуы міндетті құжат емес, тек ұсыныс сипатында болады, алайда, ЕО елдері Еуропарламент депутаттарының үніне құлақ асады. Адам құқығы саласындағы заң бұзушылыққа жол бергендерге ЕО ғаламдық режим аясында алғашқы персоналды санкция енгізген болатын. Адам құқығының бұзылуына себеп болатын қаржылық және экономикалық қылмыстарды тиімді қуғындау үшін коррупциялық әрекеттерге жол бергендерге санкция салынуы тиіс. Адам құқығы кең ұғым: экологиялық қылмыстар, әйелдер құқығы, т.б. тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қуғын-сүргінге салу да кіреді. Осыған байланысты өз елінде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, өміріне қауіп төнген БАҚ өкілдеріне, құқық қорғаушыларға қысқа мерзімге виза беру мәселесі де назардан тыс қалмау керектігі айтылды. ЕО-ның адам құқығы саласындағы заңсыздықтар үшін ғаламдық санкция режимі 2020 жылдың желтоқсан айының 8-і күні енгізілген болатын. 2021 жылдың наурыз айының 2-сі күні ЕО аталмыш санкцияны тұңғыш рет қолданды Ресей Федерациясының азаматтарына қарсы. Бұл санкциялық тізім Қытай, Либия, Оңтүстік Судан, Солтүстік Корея тұлғаларымен толықты. Қазіргі уақытта жиырма шақты жекелеген және заңды тұлғаларға осы санкция салынған. Адам азаптау, сөз бостандығын шектеу, геноцид, адам саудасына жол беру, сексуалды зорлық, наным-сенім бостандығы секілді қылмыстар бойынша салынып келеді. Енді олардың қатарын коррупция толықтыруы мүмкін. Коррупция бойынша салынатын санкция ЕО аумағындағы кінәлі тұлғаның активтері мен қаржысын бұғаттау түрінде қолданылады. Бұдан бөлек санкция салынған тұлғалар ЕО аумағы арқылы өтуге, ЕО аумағына кіруге тыйым салынады. 

0 пікір
Мұрағат