Корея корпорациялар мен университеттер үшін криптовалюта ережесін жұмсартады
Корея корпорациялар мен университеттер үшін криптовалюта ережесін жұмсартады
1 ай бұрын 946 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сеул ұлттық университеті (SNU)  жақын арада оңтүстіккореялық қаржы реттеушілерінің саясаты өзгергеннен кейін криптовалюта қайырмалдықтарын қолма-қол ақшаға айналдыра алады. 2022 жылы университет Wemade ойын компаниясынан 1 млрд вон (750,000 доллар) криптовалюта донациясын алды, алайда, институционалдық криптовалюта операциялары бойынша мемлекеттік шектеулерге байланысты оны жоя алмады. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қаржы қызметтері жөніндегі комиссия (FSC) ақпанның 13-і күні сәуір айынан бастап коммерциялық емес ұйымдарға, соның ішінде тағайындалған донорлық ұйымдар мен жоғары оқу орындарына криптовалюта активтерін сатуға рұқсат берілетінін хабарлады. Бұл шешім 2017 жылы тыйым салынған корпоративтік криптовалюта операциялары бойынша шектеулерді біртіндеп жоятынын білдіреді. Осы уақытқа дейін Таңғы шық елінің жекелеген тұлғалары ғана цифрлық активтермен сауда жасай алған еді, ал мекемелер криптовалюта қайырмалдықтарын қолма-қол ақшаға айналдыра алмады. SNU, Корея университеті, Соганг және Донгсео жоғарғы оқу орындарының криптовалюта активтерінің жалпы мөлшері 6 млрд вон (4,5 млн доллар) сомасына иелік етеді, бұл актив негізінен қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге байланысты пайдалануға жарамсызболып келген еді. Жаңа құрылым бойынша жоғары оқу орындары мен коммерциялық емес ұйымдар криптовалюта биржаларында өз активтерін сату үшін нақты атаумен шоттар аша алады, дегенмен, криптовалютаға инвестиция құюға рұқсат етілмейді. Бұдан басқа, Upbit және Bithumb сияқты ірі криптовалюта биржаларына операциялық шығындарын жабу үшін криптовалютада жиналған транзакциялық алымдарды қолма-қол ақшаға айналдыруға рұқсат етіледі. Бір ғана Upbit өткен жылдың (2024 ж.) 3-ші тоқсанында криптовалюта алымдарынан шамамен 182,2 млрд вон (137 млн доллар) пайда тапқан екен.

0 пікір
Мұрағат