Көп әйелі бар ер-азаматтарға жәрдемақы берілетін болады
Көп әйелі бар ер-азаматтарға жәрдемақы берілетін болады
8 жыл бұрын 4423

Британ билігі көп әйел алуға заң жүзінде рұқсат берілген елде некесі қиылған көп әйелі бар ер-азаматтың әйелдерінің тұрмыс құрғанын заң тұрғысынан мойындайды. Бұл жайында «ruconnect.co.uk» ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтқанда, аталған елдің аумағында қолданыстағы ереже талаптарына сәйкес көп әйелі бар ер-азамат пен оның бірінші әйеліне аптасына 114 еуро жәрдемақы беріледі. Келесі әйелдеріне шамамен 40 еуро қаржы төленеді. Британияның аумағында біртіндеп енгізіліп жатқан «universal credit» жүйесі бойынша олардың некелерін мойындау заң жүйзінде жеңілдетілген. Алайда, көп әйелі бар ер-азаматтың кірісі жоқ екінші әйелі жұмыссыз болса, жеке тұлға ретінде тиісті орындарға жәрдемақы мәселесі бойынша өтініш бере алады. Десе де, үкіметтің бұл қадамын сынға алып отырғандардың айтуынша, салық төлеушілердің қалтасынан берілетін жәрдемақының мөлшері мұндай жағдайда бірнеше есе көп болады. Яғни, жеке тұлғаға берілетін жәрдемақы мөлшері көп. Сөз реті келгенде айта кету керек, бүгінгі таңда Ұлыбританияда ресми емес мәліметке қарағанда, 20000-ға жуық осындай некедегі азамат бар. Біз сөз еткен «universal credit» жүйесі 2021 жылы толық қолданысқа енеді.

0 пікір
Мұрағат