|
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
|
Ресми тұлғалар Сауд Арабиясындағы азық-түлік, энергетика, т.б. салалардағы бағалардың, сондай-ақ, коммуналдық қызмет ақысының өсуі, отын бағасы мен валютаның бағамының құбылуы тек бір ғана ел үшін емес, 2027 жылы түрлі елдерден қасиетті сапарға аттанатын адамдар үшін қажылыққа кететін шығынның өсуіне алып келеді деп отыр. БҰл жайында islam.kz порталы Тhe Іslamic Іnformation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
2027 жылғы маусымда қажылық шығынының тағы да өсуіне ең алдымен Сауд Арабиясындағы ахуалдар себеп болатынын алға тартып отыр. Индонезияның діни істерді бақылайтын өкілдер палатасының комиссиясы бұл мәселені шілде айының 4-і күні Жакартада өткен 2026 жылғы қажылықты бағалау жөніндегі ұлттық жұмыс кеңесінде көтерді.
Неге өсім нақты елдерге байланысты емес
Аталған комиссия жетекшісі Мәруан Дасопанг қажылық шығынының артуы Сауд Арабиясындағы бағалар мен салықтардың өсуімен байланысты екенін мәлімдеді.
Индонезияның қажылық және ұмра министрлігі қасиетті сапардың құнын арттыратын негізгі төрт факторды атады: Сауд Арабиясы ішіндегі бағаның өсуі, авиациялық отын бағасының өсуі, Сауд үкіметі тарапынан сервистік алымдардың өсуі және долларға қатысты ұлттық валютаның құлдырауы.
Бұл факторлар тек Саудияға ғана тән емес. Авиациялық отынның бағасы қажыларды тасымалдайтын чартерлер мен тұрақты рейстерді орындайтын барлық авиакомпанияларға әсер етеді, ал саудиялық сервистік алымдары қажылыққа барушыларға олардың қайдан ұшатынына қарамастан қолданылады.
Бұрын қайталанған үлгі
Бұл саудиялық бағалар мен салықтар түрлі елдерде қажылықтың құнын көтеретін алғашқы жағдай емес.
2018 жылы Сауд Арабиясы қажылық пен ұмраны қамтитын тауарлар мен қызметтерге 5 пайыздық салық енгізді. 2020 жылы Сауд Арабиясы қосылған құн салығын 5 пайыздан 15 пайызға дейін көтерген кезде де қасиетті сапар шығыны артты.
Кейбір үкіметтер қажылыққа жұмсалатын шығындардың бір бөлігін ұлттық қаражат есебінен субсидиялайды. Индонезия мұны өзінің қажылық қорын басқару жөніндегі агенттігі арқылы жүзеге асырады, осылайша жекелеген қажылардың қасиетті сапарға кететін шығынын азайтады.
Басқа елдерде бағаның өсуі де тікелей қажылардың қалтасына қосымша салмақ түсіреді. Қажының отанындағы төл ақшаның құнсыздануы (инфляция кесірінен), салықтың өсуі, т.б. факторлардан қажылар шығыны артады.
Шығынды төмендету үшін қандай шараларды қолға алуға болады
Индонезияның аталған комиссиясы 2027 жылғы қажылықтың құнын талқылау үшін 7 шілдеде Қажылық және ұмра министрлігімен кездесті.
Талқыланатын ұсыныстардың бірі - қажылық жасауға келгендерді ұшақтан түсіргеннен кейін бос тұрған ұшақтарды туристерді тасымалдау үшін пайдалану арқылы авиабилеттердің құнын төмендету ұсынысы қарастырылады.