Католик шіркеуі айыбын мойындап, жәбір көргендерге өтемақы төлеуге келісті
Католик шіркеуі айыбын мойындап, жәбір көргендерге өтемақы төлеуге келісті
2 жыл бұрын 2069 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Benoit Tessier / Reuters

Франциядағы католик шіркеуі қоғамның бір институты ретінде өз жауапкершілігінен қашпайды – священник педофилдерден сексуалды жәбір көргендерге моралдық өтемақы төлейтінін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өтемақы үшін төленетін қаражатты шіркеуге тиесілі жылжымайтын мүлік сауда-саттығынан өндіріп алуды көздеп отыр. Епископ конференциясының президенті, Реймс  архиепископы Эрик де Мулен-Бофордың айтуынша, осы мақсатта шіркеудің жылымайтын мүлкі мен өзге де активтерінен түскен қаражат үшін арнайы қор ашылады. Осылай деген ол қажет болған жағдайда, яғни, өтемақы төлеу міндеттемесін орындауға қаражат жетіспеген жағдайда несие алуға да дайын екендерін жеткізді. Алайда, педофил священниктерден сексуалды зорлық көргендерге қанша мөлшерде өтемақы төлейтінін ашып айтпады. Дегенмен Рим Папасының жылжымайтын мүлік саудасынан түскен қаражаттың діттеген мақсатта жұмсалуын, яғни, қаражаттың талан-таражға түспеуін қадағалау үшін арнайы өкілін жіберуі мүмкін. Ең бастысы, Рим Папасының өкілі кәмелет жасына толмай педофил священниктер тарапынан сексуалды зорлық көргендердің қаншалықты жәбір көргенін анықтайтын болады. Осы орайда қазан айының 5-і күні Франциядағы католик шіркеуі мүшелерінің 70 жыл бойы 200 мыңнан аса балаға секусалды зорлық көрсеткені турасындағы тергеу-тексеру жұмыстарының нәтижесі шыққанын айта кетпекпіз. Шіркеудің абыройына нұқсан келтірмеуі үшін мұндай азғындық пен қылмысты бүркемелеп келгені де расталған еді. Аталмыш тергеу дерегіне сәйкес 1950-2020 жылдар аралығында француздардың католик шіркеуінде үш мыңнан аса педофил жұмыс істеген, олардың 115 мыңы священник болатын.

0 пікір
Мұрағат