Катар жәндіктерден әзірленген тағамдарды сатуға тыйым салды
Катар жәндіктерден әзірленген тағамдарды сатуға тыйым салды
1 жыл бұрын 895 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jair Cabrera / Globallookpress.com

Катардың қоғамдық денсаулық сақтау министрлігі құрамында жәндіктерден алынған ақуыздар мен қоректік заттар бар немесе тікелей жәндіктерден әзірленген тағамдарды сатуға тыйым салғаны туралы ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш министрліктің Twitter әлеуметтік желісіндегі аккаунтына жөн сілтеген lenta ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Катар билігінің бұл үндеуі Еуроодақтың жеуге рұқсат етілген жәндіктер тізімін кеңейту туралы шешімі аясында жарияланды. «Денсаулық сақтау министрлігі құрамында жәндіктер бар азық-түлік өнімдерін Парсы шығанағы елдеріндегі халал тағамға қойылатын техникалық талаптарға және жәндіктерді, ақуызды немесе олардан алынатын қоспаларды тұтынуға тыйым салатын құзырлы органдардың діни пікіріне сай келмейтіндіктен сатуға тыйым салады», деп айтылған хабарламада. Аталған араб еліндегі өнімдердің халал стандартына сәйкестігі министрлік тарапынан аккредиттелген халықаралық зертханалар арқылы тексерілетіні атап өтілді. Соңғы жылдары бірқатар батыс елдері шынымен де жәндіктерді ақуыздың балама көздері ретінде тізімге ала бастады. Осылайша, 2022 жылдың тамызы айында Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі органы (EFSA) бұл тізімге көбелектің дернәсілдерін қосты. Бұған дейін аталмыш тізімде ұн құрттары, көшіп-қонатын шегірткелер болған.

0 пікір
Мұрағат