|
Карикатуралық кітаптар шығарған баспа жабылды
|
Үндістанда карикатура сызып, ардақты Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) кескін берілген суреттері бар кітаптарды шығарған баспа біржолата жабылып тасталды.
Осы жылдың 29 қаңтарында Үндістан полиция қызметкерлерінің тарапынан Хайдарабадтағы «Bndelh induizm» баспасының іс жүргізуі тоқтатылды. Оған себеп, баспаның шығарған діни мазмұндағы кітаптың мұқабасы. Онда ардақты Пайғамбарымызды (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мысқылдап сызылған крикатура бейнеленген.
Осылайша «Bndelh induizm» баспасының жұмысына үзілді-кесілді нүкте қойылды. Басылған кітаптардың барлық нұсқалары тәркіленіп, өртеп жіберілді. Сондай-ақ, баспа редакторы мен оның орынбасарлары қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады
■
Оңтүстік Азия елдері шетелден қаржыландырылатын ұйымдарға талапты қатайтып жатыр