Кәрі құрлықтан стратегиялық металдардың тағы бір аса ірі кен орны табылды
Кәрі құрлықтан стратегиялық металдардың тағы бір аса ірі кен орны табылды
1 жыл бұрын 995 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Sean Gallup / Getty Images

Норвегиялық ғалымдар тобы елдің құрлықтық қайраңынан аса ірі, яғни, қоры мол стратегиялық металдар мен минералдар кенін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Норвегияның мұнай басқармасының (NPD) сайтына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада неодим, иттрия, церия және диспрозия секілді табиғатта аса сирек кездесетін әрі жаһандық жылыну қарқын алған бүгінде маңызы артқан (аталған металдардан жаңғыртпалы энергия көздеріне, соның ішінде, жел турбині үшін қажетті, сондай-ақ, атмосфераға бөлінетін парникті газдар мөлшерін азайту мақсатында қолға алынған электрлі көлік қозғалтқышына қажетті) металдар турасында сөз болып отыр. Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарық көрген «Кәрі құрлықтан сирек кездесетін жер металдарының мол кен орны табылды» (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/alem/kari-qurlyqtan-sirek-kezdesetin-jer-metaldarynyn-mol-ken-orny-tabyldy-18027/#gsc.tab=0) Еуропаның солтүстігінде құрлық аумағынан алғаш  рет сирек кездесетін жер элементтерінің қоры мол кен орны табылғанын хабарлаған едік. NPD, сонымен қатар, Еуропалық Одақ үшін аса маңызды минералдардың - магния, ниобия және кобальттың қоры да табылғанын жеткізді. Аталмыш ұйым табылған қорлар ұзақ жылдар бойы әлемдік тұтынуды қамтамасыз етуге жеткілікті екенін атап өтті. Норвегия мен Гренландия теңіздерінің шалғай аудандарында 38 миллион тонна мыс бар, бұл көрсеткіш жыл сайын әлемде өндірілетін мөлшерден екі есе дерлік көп, сондай-ақ, 45 миллион тонна мырыш пен 1,7 миллион тонна церия бар. Бұдан бөлек, 24 миллион тонна магния, 3,1 миллион тонна кобальт бар екені хабарланды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен жылы өнеркәсіпке қажетті металдар – алюминий, мыс, никел және мырыш қоры 70 пайызға төмендеп кеткен болатын.

 

0 пікір
Мұрағат