|
Кәрі құрлықтағы ең ірі газ кеніші жабылды
|
Нидерланды аумағындағы күллі Еуропа бойынша аса ірі газ кенішінен көгілдір отын өндірісі жергілікті уақыт бойынша 6:00-де тоқтатылды. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік ұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш кеніш 1959 жылы табылған болатын. Ол ресми ашылу шарасы 1963 жылы өтті. Жылына 50 млр текше метрге дейін газ өндірілді. Алайда, осы аймақтағы зілзаланың жиі орын алуына әрі жергілікті тұрғындардың наразылығына байланысты өндіріс мөлшері 2018 жылдан бастап біртіндеп қысқартыла бастады. Ал бұл газ кенішін жабу туралы шешімді аталған ел билігі маусым айында қабылдады. Дегенмен, отынға қатты зәрулік туындаған жағдайда (мәселен, қақаған қыста отын тапшылығына байланысты) қайта газ өндірілетін болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды