Какаодан кейін қымбаттаған азық түрі аталды
Какаодан кейін қымбаттаған азық түрі аталды
24 күн бұрын 939 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Roni Bintang / Reuters

Bloomberg дерек көзінің шолуында айтылғандай, әлемдік азық-түлік инфляциясының қатері туралы сауалнамасына сәйкес көптеген азық-түлік өнімдері мен өндірісінде қолданылатын пальма майының бағасы соңғы 17 айдағы ең жоғары деңгейге жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде Азияның оңтүстік-шығысында, дәлірегі, Индонезия мен Малайзия аумағында өндірілетін пальма майының қымбаттауына аталған елдің осы азық түрінің экспортының төмендегені себеп болған. Аптап ыстық пен құрғақ ауа райына байланысты Африка құрлығының оңтүстігінде өсірілетін ақ жүгерінің де бағасы күрт өсті (30 пайызға), сондай-ақ, Вьетнамдағы климат өзгерісінің садарына байланысты кофенің бір тоннасының  бағасы 15 жылдағы рекордтық деңгейге дейін көтерілді.

Ұқсас материал:

«Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jahandyq-problemaga-bailanysty-jyl-otken-saiyn-azyq-tulik-qymbattai-beretin-boldy-20023/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат