Жыл сайын әлемде 12 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы егін салуға жарамай қалуда
Жыл сайын әлемде 12 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы егін салуға жарамай қалуда
8 жыл бұрын 2994 inform.kz

Жыл сайын әлемде 12 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы азып-тозуда. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун мәлім етті. Ол осы үдеріспен күресуді, жерді тоздыратын ауыл шаруашылығы қызметінен бас тартуды ұсынды. «Шөлге айналу, жердің азып-тозуы, құнарсыздануы және климаттың өзгеруі - бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Жер азып-тозғанда құрғақшылық қарқыны мен жиілігі, су тасқыны, аптап күндер саны артады», - деді Пан Ги Мун шөлге айналу мен құрғақшылықпен күрес күніне арнаған жолдауында. БҰҰ басшысы қазіргі таңда жер бетінің құрғақ бөлігінің 50 пайызы құнарсызданудың түрлі нұсқасына тап болған. «800 миллиондай адам тамақ жетіспеушіліктен зардап шегіп отыр, бұл жердің құнарсыздануына, сумен қамтамасыз етудің тұрақсыздығына, құрғақөшылыққа және биоәртүрлілігінің азаюына тікелей қатысты», - мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы. Ол алдағы 25 жылда осы үдеріс жалғаса берсе, әлемдік азық-түлік өндірісі 12 пайызға кеміп, оның бағасы 30 пайызға қымбаттауы мүмкін екендігін ескертті.

0 пікір
Мұрағат