Жыл басынан бері 3 мыңнан аса теракті орын алған
Жыл басынан бері 3 мыңнан аса теракті орын алған
2 жыл бұрын 904 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Соңғы жеті ай ішінде әлемнің 65 елінде болан терактілер саны үш мың үш жүзден асып кеткен. Биылғы лаңкестік шабуылдан 8 мыңнан аса адам қаза тапқан әрі 5 мыңдай адам түрлі деңгейде жарақат алған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Ташкент қаласындағы кездесуінде осындай дерек келтірген Ресей Федерациясының қауіпсіздік кеңесінің хатшысы  Николай Патрушевке жөн сілтеген islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, террористік белсенділіктің жоғары деңгейі Азияның оңтүстігінен, Таяу Шығыс аймағынан байқалып отыр. Дәлірегі, аталған өңірлердегі терактілер саны күллі әлемдегі лаңкестік шабуылдың санына шаққанда 93%-ға жеткен. Сарапшының сөзіне қарағанда, бүгінгі таңдa барлық бағыттарда белсенділігін жaндандырып келеді.

0 пікір
Мұрағат