|
Жетпіс үштегі қария жолаушыларға күн сайын тегін су таратады
|
Бүгінде жасы жетпіске үшке келген Ражкумар Сингхания есімді қария күн сайын Мумбай станциясында жолаушыларға тегін су таратып келеді. Ол соңғы 30 жыл ішінде күн сайын бөтелкелерге су толтырып, пойызбен Масджид Бандер стансасына дейін барады. Осы аралықта ол жолда кездескен жандардың барлығына су ұсынып, алғыстарына бөленеді.
«Бұл күндері ауа-райы тіптен ыстық болып кетеді. Ақша үнемдемек болып осы станса аралығын жаяу басып өтетін жандар да бар. Бірнеше шақырымды жаяу жүріп келген олардың қатты қаталап тұратынын жақсы білемін. Міне, мен солар үшін су тасимын», – дейді Ражкумар Сингхания.
Қария соңғы кездері су толтырылған бөтелкелерге қоса, дәрі-дәрмек қобдишасын да қоса алып жүретін болған. «Бірде соңғы пойызбен түнделетіп үйге келе жатып, ауырып отырған бір жанды көзім шалды. Сонда барып оның жеті қараңғы түнде дәріні қайдан іздейтінін ойландым. Содан бері алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектерді салып жүретін болдым», – дейді ол.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады
■
Оңтүстік Азия елдері шетелден қаржыландырылатын ұйымдарға талапты қатайтып жатыр