Желдеткіштің баламасы жасалды
Желдеткіштің баламасы жасалды
9 жыл бұрын 3760

Бүгінгі таңда желдеткіш (кондиционер) ғимараттың ішін салқындатудың тиімді құралы болып табылады. Алайда, бұл құрылғының кейбір тиімсіз тұстары бар, мәселен, даладан кіріп келгенде салқын тиіп, ауырып қалуыңыз мүмкін әрі оны пайдалану бір жағынан үлкен шығынды қажет етеді. Калифорниялық инженерлер өзгеше желдеткіштің түрін жасап шығарды. Стэнфорд университетінің ғалымдары күннің жылуын ауаға кері қайтаратын шағылысы аса күшті айна ойлап тапты. Инфрақызыл сәулеленуді шағылыстыратын аса жұқа материал сырттағы ауа температурасынан ғимарат ішіндегі температураны Цельсия бойынша 5 градусқа төмен тәулік бойы ұстап тұра алады. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Қалыңдығы метрге шаққанда оның 1,8 млн үлесіндей ғана болатын көп қабатты материал кремни диоксидінен, гафни оксидінен тұрады әрі күміспен қапталған. Аптап ыстық орнайтын елдерде желдеткішті пайдалану көп энергия қуатын қажет етеді әрі соған орай оның шығыны да көп. Жылу қайтаратын бұл құрылғыны шатырға қояды. 

0 пікір
Мұрағат