Жасанды зердеден қауіптеніп, аталмыш технологияны зерттейтін институт ашты
Жасанды зердеден қауіптеніп, аталмыш технологияны зерттейтін институт ашты
5 ай бұрын 642 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Florian Krumm / Unsplash

Әлемге әйгілі Кембридж университетінің басшылығы жасанды зердені зерттеуге арналған институт ашты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш жоғарғы оқу орнының сайтына (cam.ac.uk) жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Бұл технологияның әлеуетті пайдасы орасан зор, егер сәтсіздікке ұшырасақ, ең нашар сценари орын алады – экзистенциалды жағдайға тап болуымыз мүмкін», - деп атап өтті жаңа технологиялар және адамзат институтының өкілдері. Стивен Кэйв есімді ғалымның айтуынша, AI теориялық тұрғыдан «демократияны жойып», «жаппай соғысты тудыруы» мүмкін. Аталмыш зерттеу орталығының сарапшылары жасанды зерденің болашақтағы даму барысын талдай келе жаңа технологияларды қолданудан келеңсіз жағдайлардың орын алуы мүмкін екенін ескертті. Оның мысалы ретінде айқын артықшылықтарына қарамастан «отарлық экспансия мен атмосфераға бөлінетін парниктік газдардың жаһандық жылынуға» ықпал еткен өнеркәсіптік революцияны атады. Осынау технологияның дамуына мүдделі Илон Масктің (SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаған кәсіпкер) өзі таяуда жасанды зердені «құтыдағы жынға» теңеп, абайлап қолданбаса, бақылаудан шығып кететінін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, жасанды зерденің адамға қарсы бас көтеру қатерінің ықтималдылығы 20 пайызға жеткен. 

0 пікір
Мұрағат