Жарқанаттардың қырылуынан балалар арасында өлім-жітім көбейді
Жарқанаттардың қырылуынан балалар арасында өлім-жітім көбейді
1 ай бұрын 513 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бозтұмсық синдромы деп аталатын саңырауқұлақ ауруынан жарқанат популяциясы күрт кеміп кеткен. Ең сорақысы, Америка құрама штаттарының солтүстік-шығысында бұл тіршілік иелерінің санының азаюына байланысты нәресте өлімі 8 пайызға артқан. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceAlert мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жарқанаттар үйірі бір түнде ауыл шаруашылығына зиянкес жәндіктердің 40% -ын қорек етуі мүмкін. Дегенмен, фермерлер кейінгі кезде егістік алқабын зиянкестерден қорғау үшін пестицидтерді молынан қолдануға мәжбүр болған. Дәлірегі, инсектицидтерді қолдану мөлшері 31%-ға өсті. Бір қызығы, дәл осы аудандарда нәрестелер өлім-жітімі бірнеше пайызы артып кеткен. Балалар өлім-жітімінің көбеюіне жазатайым оқиғалар немесе қандай да бір апат емес, аурулар мен жетілу барысындағы түрлі ауытқулар мен ақаулар себеп болғанын атап өткен жөн. Ал бұған жәндіктерді жою үшін қолданылатын химиялық заттар себеп болған. Пестицидтер құрамында балалардың жетілуін тежейтін немесе дертке шалдықтыратын нейроуытты заттар кездеседі.

0 пікір
Мұрағат