|
Жапониядағы аралдар екі есе көбейді
|
Жапон үкіметі 35 жыл ішінде алғаш рет өткізілген жергілікті акваториялық зерттеу нәтижесі бойынша елге тиесілі аралдар санын екі есеге көбейткен - 6 852-дан 14 125 мыңға дейін. Бұл жайында islam.kz порталы Kyodo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу өткен жылы билік бекіткен Жапония картасының электронды нұсқасының автоматтандырылған зерттеу негізінде жүргізілді. Аталмыш тізімнен жасанды нысандарды алып тастау үшін жиналған ақпарат бұрынғы аэрофотосуреттермен салыстырылды. Тізімге диаметрі 100 метрден асатын аралдар ғана кіреді. Kyodo агенттігі хабарлағандай, аралдар санының көбеюі күншығыс елінің көрші мемлекеттерге судағы шекарасын кеңейтуге қатысты талаптар қоюына негіз бола ала алмайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді