Жапония серіктес елдерге әскери көмек көрсету жүйесін әзірлемек
Жапония серіктес елдерге әскери көмек көрсету жүйесін әзірлемек
1 жыл бұрын 845 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jason Lee / Reuters

Күншығыс елінің билігі әлемдегі геосаяси ахуалдың (Ресейдің Украинаға басқыншылығы, Қытайдың Тайуанға басып кіру қатері. Т.б.) күрделі сипат алуына байланысты серіктес елдердің қорғаныс саласы мен қауіпсіздігін күшейтуге атсалыспақ. Бұл жайында islam.kz порталы Yomiuri мерзімді басылымының сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Official Security Assistance деп аталатын аталмыш формат негізінен дамушы мемлекеттерді қолдауға бағытталатын болады. Жапония оларды қорғаныс технологиясымен қамтамасыз етуге, жергілікті әскерилер пайдаланатын әуежайлар мен теңіз айлақтарының инфрақұрылымын жақсартуға ниетті. Бұл тараптағы көмекті алғашқы болып Филиппин алмақ. Дәлірегі, филиппиндердің қарулы күштеріне радар жүйесі беріледі. Содан кейінгі орында Бангладеш, Малайзия және Фиджи тұр. Осы мақсатқа жапон билігі 2 млрд иен (15 млн доллар шамасында) қаражат бөлмек.

0 пікір
Мұрағат