Жапондар 1 млн-ға азайды
Жапондар 1 млн-ға азайды
2 жыл бұрын 2186 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапония халқы 2015-2020 жылдар аралығында бір млн-ға таяу адамға азайған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде күншығыс елінің әкімшілік істер және коммуникация жөніндегі министрлік ұсынған халық санағы нәтижесінен алынған дерекке жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2020 жылдың қараша айындағы қорытынды бойынша жапон халқы 126,14 млн адам болған. Бұл көрсеткіш 2015 жылғы мәліметпен салыстырғанда 949 мың адамға кем. Аталған арал мемлекеттегі халықтың еңбекке жарамды тұрғындар (15-64 жас аралығында) қарасы үш пайызға азайған, яғни, тек 75 млн тұрғын ғана еңбек етуге жарамды. Жасы 14-е дейінгі балалар саны аталған мерзімде алты пайызға құлдыраған. Бұдан бөлек, самурайлар еліндегі отбасы мүшелерінің орташа статистикалық көрсеткіші кеміген: 2020 жылдың қараша айындағы қорытынды бойынша бір отбасындағы адам саны 2,27-ге кеміген. Ең күрделісі – жапондар әлемде қартаю процесі бойынша көш бастап тұрған ел: 2065 жылға қарай аталған елде 88 млн адам қалады, олардың 38 пайызын жасы 60-тан асқан қарттар құрамақ.

Ұқсас материалдар:

"Халықтың қартаюы бойынша бірінші орында тұрған елде қарттар қарасы рекордтық көрсеткішке жетті" (https://islam.kz/kk/news/alem/halyqtyn-qartayuy-boiynsha-birinshi-orynda-turgan-elde-qarttar-qarasy-rekordtyq-korsetkishke-jetti-15775/#gsc.tab=0);

«Бір ғана елде жасы 100-ден асқан қарттар қарасы 86 мыңнан асып кетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-gana-elde-jasy-100-den-asqan-qarttar-qarasy-86-mynnan-asyp-ketti-15755/#gsc.tab=0);

«Қартайған халықтың бас қайғысы» (https://islam.kz/kk/news/alem/qartaigan-halyqtyn-bas-qaigysy-11490/#gsc.tab=0);

«Күншығыс елі бір жыл шамасында соғыссыз, табиғи апатсыз, аштықсыз жарты млн-ға тарта адамынан айырылып қалды. Бір ғана себептен...» (https://islam.kz/kk/news/alem/kunshygys-eli-bir-jyl-shamasynda-sogyssyz-tabigi-apatsyz-ashtyqsyz-jarty-mln-ga-tarta-adamynan-aiyrylyp-qaldy-bir-gana-sebepten-12088/#gsc.tab=0);

«Биыл саны ең көп кеміген қай халық» (https://islam.kz/kk/news/alem/biyl-sany-en-kop-kemigen-qai-halyq-11244/#gsc.tab=0);

«80 жасқа дейін жұмыс істеуге рұқсат берілмек» (https://islam.kz/kk/news/alem/80-jasqa-deiin-jumys-isteuge-ruqsat-berilmek-13912/#gsc.tab=0);

«Қартаю процесі қарқын алған елдегі жасы 100-ден асқан қариялардың қарасы қаншаға жетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/qartayu-protsesi-qarqyn-algan-eldegi-jasy-100-den-asqan-qariyalardyn-qarasy-qanshaga-jetti-12384/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат