Жаһандық жылынудан температурасы төмендей беретін аймақ табылды
Жаһандық жылынудан температурасы төмендей беретін аймақ табылды
3 ай бұрын 533 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем жаһандық жылынудан орын алған аптап ыстықтан зардап шегіп жатыр. Алайда, әлемде температурасы тек төмендеп келе жатқан жалғыз аймақ барын ешкім білмейді десе де болады. Аталмыш аймақ Атлант мұхитында кездеседі. Сірә, бұған климат өзгерісінің қатысы бар. Парникті газдың салдыран жаһандық жылыну қарқын алып келеді. Алайда, бұл құбылыс әлемнің барлық түкпірінде әрқалай әсер етуде. Алтант мұхитының ортасында шағын кеңістік бар. Жылдан жылға суытып келеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі, дәлірегі, жердің осы бір түкпіріндегі бұл құбылыстың ықтимал себебі Nature Climate Change мерзімді басылымында айтылған. Ғалымдардың топшылауынша, бұған бірнеше күрделі фактор өз әсерін тигізіп отыр. Негізгі факторға мұхиттағы ағыстың өзгерісі мен қалың бұлттар шоғырын жатқызуда. Жалпы алғанда аталмыш мұхиттың беткі жағы 1900 жылдан бері 1°C-қа жылыған. Ал аталған аймақтағы температура 0,9°C-та қалған. «Климаттың антропогендік өзгерісі климаттық жүйенің схемасын өзгертуде»,- деп мәлімдеді Колорадо-Боулдер университетінің мұхиттанушысы (океанограф) Кристофер Карнаускас.

Изображение

0 пікір
Мұрағат