Жаһандық AI бағдарламалық жасақтама нарығы 2027 жылға қарай 251 миллиард долларға жетеді
Жаһандық AI бағдарламалық жасақтама нарығы 2027 жылға қарай 251 миллиард долларға жетеді
5 ай бұрын 817 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жасанды зерде технологиясы қолданылатын бағдарламалық жасақтаманың жаһандық нарығы 2027 жылға дейін оташа есеппен жылына 31,4%-ға артатын болады. Бұл жайында islam.kz порталы International Data Corporation (IDC) зерттеу ұйымы келтірген дерекке жөн сілтей отырып, мәлім етеді. Дәлірегі, 2027 жылға қарай АІ нарығы 251 млрд долларға ұлғаяды. Бұл бағыттағы болжам AI платформаларын, қосымшаларды, түрлі жүйеге арналған бағдарламалық жасақтаманы, сондай-ақ, қосымшалар мен қолданбаларды әзірлеуге және енгізуге арналған бағдарламалық жасақтаманы қамтиды, десе де контент  генерациялайтын, дәлірегі, қандай да бір тақырыпта немесе салада мазмұн қалыптастыратын AI саласындағы платформалар мен қосымшалар ескерілмеген. Бұл саладағы кіріс 2027 жылы қосымша 28,3 миллиард долларға жетуі мүмкін. Қолданбалар AI бағдарламалық жасақтамасының ең үлкен санатына жатады – жасанды зерде негізіндегі бағдарламалық жасақтаманың жалпы нарығының шамамен үштен бірін құрайды. Бұл санаттағы үлес 2027 жылдар аралығында 21,1%-ға жетуі мүмкін. IDC сарапшылары AI платформасының сегментіндегі кіріс орта есеппен жылына 35,8%-ға артатынын болжап отыр.

0 пікір
Мұрағат