Жаһан: Шариғат шәлісін жамылғандардың тізімі жасалады
Жаһан: Шариғат шәлісін жамылғандардың тізімі жасалады
8 жыл бұрын 3405

Өзбекстанда әйелдерді қоғамдық орындарда хиджаб жамылып жүруге тыйым салатын құжатқа қол қоюға шақыруда. Бұл талаппен келіспейтіндерін арнайы тізімге алатындарын да ескертті. Бұл жайында «Islam-today» ақпарат көзі хабар таратты.

 

Тәж-Маһал индуистерге берілмейтін болды 

Әлемге әйгілі, сәулет өнерінің бірегейі саналатын, тарихы тым тереңде жатқан, мұсылман билеушісі Жаһан шах салдырған Тәж-Маһал кесенесінің индустардың ғибадат орны болғанын дәлелдеуге тырысқан заңгерлер сотта нақты айғақ келтіре алмай ұтылып қалды. Агра қаласының алты бірдей заңгері өткен жылы Үндістанның бетке ұстар, мақтан тұтар ескерткіші болып табылатын кесенені индустардың ғибадат ғимараты деп жариялауды талап еткен болатын.  Олар аталмыш кесенені әуел баста Шива құдайының атымен аталатын ғибадат үйі болған деп мәлімдеме жасаған еді. Алайда, осы елдің мәдениет министрі Маһеш Шарма олардың бұл мәлімдемесін негізсіз деп тапты. 

0 пікір
Мұрағат