Жаһан: Ахмет Дәуітоғлы премьерліктен кетуі мүмкін
Жаһан: Ахмет Дәуітоғлы премьерліктен кетуі мүмкін
8 жыл бұрын 2226

Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы өзі мүше болып табылатын билік басындағы Әділет және даму партиясының жуырда, нақтырақ айтқанда, мамыр айының 21-де басталып, маусымның 6-на дейін өтетін кезектен тыс құрылтайында орынтағын өзгеге босатып беруі әбден мүмкін. Айта кетейік, кейінгі кезде Ахмет Дәуітоғлы мен мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған кейбір мәселелер бойынша жиі келіспейтін болып жүр. Мәселен, Еуроап елдерімен қатынасқа құрылған саясатта, т.б. 

ЕКІ ЖІГІТТІҢ АРҚАСЫНДА 2500 МҮГЕДЕК ЖАСАНДЫ АЯҚҚА ИЕ БОЛДЫ 

Амджад Хадж Хамис және Абдуррахман Хлоуф есімді екі сириялық жігіт өздерінің медициналық көлігімен ел аралап, мүгедек босқындарға жасанды аяқ (протез) жасап берумен айналысып келе жатқандарына көп болған. Сыртынан қарағанда кәдімгі көліктерден еш айырмашылығы жоқ олардың фургонының ішінде қай кезде де жұмыс қайнап жатады. Олар осы сауапты іспен айналысқан төрт жыл ішінде 2500 жанға жасанды аяқ жасап берген.

Олар, тіпті, тәжірибе жинақтап, жасанды аяқ жасау жұмысын игеру мақсатында дала госпитальдарында болып, сынақтан өткен көрінеді.

«Өз аяғымен жер басып, жүруді арман еткен жандарға жасанды аяқ қигізіп бергендегі сезімді сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Әсіресе, балалардың көзіндегі қуанышты айтсаңызшы! Олар үнемі қозғалып, жүріп, жүгіріп, ойнағысы келіп тұрады емес пе?!» – дейді Амджад Хадж Хамис.

Екі жігіттің арқасында 2500 мүгедек жасанды аяққа ие болды

0 пікір
Мұрағат