Израилдіктер Ақса мешітінде ішімдік ішті
Израилдіктер Ақса мешітінде ішімдік ішті
10 жыл бұрын 3418

Израилдік келімсектердің Ақса мешітінде ішімдік ішіп, исі мұсылманның ар-намысына тиетін әрекетке саналы түрде барғаны белгілі болды. Бұл жайында IslamNews ақпараттық талдау порталы хабар таратты. Мешіт күзетшілері израилдік күштік құрылымдардың қызметкерлерінен арандатушыларды мешіттен шығарып жіберуді сұраған екен, олар изриалдік келімсектердің тек шырын ішіп отырғанын алға тартып, қандастарына шаң жуытпаған көрінеді. Израилдік келімсектер кеткеннен кейін күзетшілер стакан түбіндегі сұйықтықтың құрамын тексере келгенде олардың спиртті пайдаланғанына көз жеткізген. Израиль билігі еврей келімсектерінің Ақса мешітінде болуына рұқсат беретін арнайы ереже қабылдаған болатын. Бұл өз кезегінде палестиналықтардың ашу-ызасын тудырып, қақтығыстарға жол ашқан еді.

0 пікір
Мұрағат